«БІЗДІҢ СПОРТҚА ТАҢДАУ ТҮСКЕНІ ҚУАНТТЫ»: ГРИГОРИЙ КИМ ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ ЖҮЛДЕГЕ ҚАТЫСТЫ ОЙЫМЕН БӨЛІСТІ

Садақ атудан Қазақстан командасының бас бапкері Григорий Ким «Altyn Samǵaý-2021» Ұлттық спорттық жүлдесіне үміткерлер қатарына енді. Ол «Жазғы спорт түрлері бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымында топ жаруға үміттілер қатарында. Ким жаттықтыратын қазақстандық мергендер араға жиырма бір жыл салып, жазғы ойындарға сынға түсті. Осы орайда, Olympic.kz бапкердің өз пікірін білді. 

«Садақ атудан Қазақстан командасы үшін биылғы маусым ойдағыдай өтті. Әрине, ұзақ уақыт бойы карантинге байланысты халықаралық жарыстарға қатыса алмадық. Мұның да өзіндік әсері болды. Дегенмен, Токио Олимпиадасына үш спортшымыз қатысты.

 Олар – Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Денис Ганькин. Командалық сында алғашқы алтылыққа енуді жоспарлаған едік. Біз ойлағандай болмады. Есесіне, іріктеу кезеңінде Денис Ганькин жақсы нәтиже көрсетті. Олимпиадалық айналымда Ильфат Абдуллиннің 9-шы орын алғаны да біздің команда үшін жақсы көрсеткіш. 

Команданың ендігі мақсаты  — 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына дайындалу. 

Ал менің ұлттық спорттық жүлдеге үміткерлер қатарына енгенім шын қуантады. Бұл менің ғана емес, бүкіл команданың жеңісі. Біздің спорт түріне таңдау түскені, садақ ату спортының елімізде өркендеп келе жатқанына ризамын», — дейді Ким. 

olympic.kz

Вам также понравится...

Ссылка на канал

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.